Негізгі талаптар, Қатысушыны таңдау механизмі және Кредиттік алгоритм
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №318 бұйрығына сәйкес бекітілген және жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру тәртібін айқындайды.
Жұмыс істеп жүрген жастар - 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Шымкент қаласында соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін (үздіксіз) растау
Орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының) және кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау.
Өтініштерді және құжаттарды беру осы сайт арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау порталында авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚО-дан алуға болады.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 (бес) жыл мерзімге беріледі.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайлар Шымкент қаласының шеңберінде беріледі.
Жалға беру ақысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады.
Ақпарат
1) Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш;
2) берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;
3) білім туралы сканерленген құжаты;
4) неке қию туралы сканерленген куәлік;
5) балалардың сканерленген туу туралы куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) жұмыс орнынан анықтама сканерленген, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;
8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;
9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары;
10) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;
11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).
Өтініш беруші Қағидалардың 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды портал арқылы қосымша ұсынуға мүмкіндік беріледі.
Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көп ұпай саны бойынша) есепке алумен жасалады.
КРИТЕРИЛЕР | НЕГІЗГІ ҰПАЙ САНЫ | ҚОСАЛҚЫ ҰПАЙ САНЫ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нарықта 100 (жүз) сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес кәсіпті меңгерген өтініш берушіге. Мамандар тізімін, сілтемені басу арқылы табуға болады. | 10 | - |
отбасы болған жағдайда | 5 | некеде тіркелген әрбір жылы үшін - 2 |
1 (бір) бала болған жағдайда | 1 | әрбір кейінгі бала үшін - 2 |
жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде кемінде 1 жыл | 5 | әрбір жыл үшін - 1 |
өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет) | 2 | - |
бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелерде мен мемлекеттік кәсіпорындарда) | 5 | өтілінің әрбір жылы үшін - 1 |
екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін | 2 | - |
Ұпайлары тең болған жағдайда өтініш берген күннен бұрын өтініш берген үміткерлер басымдыққа ие болады.
Бағдарлама қатысушылары тапсырылған өтініштің қарастырылу нәтижесін осы сайттағы жеке кабинеттен бақылап отыруы қажет.
Сұрақ: Балдық жүйеге сәйкес өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда - 2 балл беріледі. Балдарды есептеу кезінде қандай жетістіктер ескеріледі?
Жауап: Бағдарлама жұмыс істейтін жастарға арналғандықтан, кәсіби саладағы жетістіктерді ескеру қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары.
Сұрақ: Егер Бағдарлама қатысушысы өтініш берген кезде бюджеттік мекеме қызметкері болмаса, бұған дейінгі жұмыс өтілі ескеріледі ме?
Жауап: Өтініш берген кездегі бюджеттік мекемедегі жұмыс өтілі ескеріледі.
Сұрақ: Егер жеке кәсіпкерлік өзінің қызметін жақында тоқтатса, жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғандық ескеріледі ме?
Жауап: Өтініш берген кездегі жеке кәсіпкерліктің қызметі ескеріледі.
Сұрақ: Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін балдарын есептеуге жиналған салымның сомасы әсер етеді ме?
Жауап: Жинақ шотта жиналған сома балдарды есептеуге әсер етпейді.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің түсіндірмесімен танысу үшін, осыны басу қажет.
Қосымша ақпарат үшін келесі телефондары арқылы хабарласыңыз:
ТЕЛЕФОН | МЕКЕМЕ |
+7 (7252) 39 23 68 | Шымкент қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы |