Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 2020 жылғы 18 мамырдан 30 мамыр аралығында тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «2-10-20» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге ақпараттық жүйелер арқылы "Shymkent-baspana.kz" сайтында тәулік бойы өтінімдер қабылдайды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы - 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде тұрғын үйді сатып алуға кредит беру жолдары қарастырылған.
Кредит беру талаптары:
- қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
- тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды.
Аталған бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген кірісі екі ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысының болуы (62 366 теңге), соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);
3) неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
4) төлем қабілеттілігін растау;
5) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелген көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасы санаттарына жататын азаматтар қатыса алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке куәлік (отбасы мүшелерін куәләндыратын құжаттарының көшірмелері);
2) балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
3) неке туралы немесе некенің бұзылғандығын растайтын куәлік;
4) төлем қабілеттілігін растау үшін жұмыс орнынан соңғы 6 айлық көрсеткіш.
Кеңестерді тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының call-орталығынан алуға болады, байланыс телефоны – 39-23-68.