Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-да кезекте тұрғандардың ішінен аз қамтылған отбасыларға ҚТҚЖБ-ның кредит беру» бағыты («2-10-20» республикалық бағдарламасы) шеңберіндегі өтініштер мен құжаттарды қабылдау 2020 жылғы «18» мамырдан бастап «30» мамырға дейін қабылданады.
Негізгі талаптар, Қатысушыны таңдау механизмі және Кредиттік алгоритм
•«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар:
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
- толық емес отбасылар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша Бағдарламаға қатысушылар бола алады.
•Кредит беру лимиттері өңірлер бойынша кезектегілердің саны мен қарыздың ең жоғары сомасының мөлшеріне қарай барабар бөлінеді;
•Қарыздың сомасы – 15 млн. теңгеге дейін;
•Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10 %-ы;
•Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 2 %;
•Сатып алатын тұрғын үй – Шымкент қаласының бастапқы, қайталама нарықтарындағы тұрғын үй және жеке тұрғын үй;
•Кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе «ҚТҚЖБ» АҚ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.
Құжаттар мен өтініштер келесі талаптарға сай келетін Шымкент қаласы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар», «толық емес отбасылар», «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша Бағдарламаға қатысушылар бола алады» санаты бойынша тұратын азаматтардан қабылданады:
Жолдама немесе бас тарту осы сайттағы жеке кабинетке жіберіледі.
Жолдама алған өтініш берушілерге төлем қабілеттілік бағасын өту үшін «ҚТҚЖБ» АҚ-ның кез-келген қызмет көрсету орталығына 15 жұмыс күні ішінде жүгіну қажет. Мекенжайлар тізімі https://www.hcsbk.kz/contacts/ сайтынан алуға болады.
Банкке бармаған және (немесе) банк рәсімінен өтпеген жағдайда, Шымкент қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жолдаманы тізім бойынша келесі қатысушыға беруге құқылы.
«ҚТҚЖБ» АҚ-ға жолдамамен жүгінгеннен және төлем қабілеттілік бағасын өту үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Несие комитетінің оң шешімі қабылданған жағдайда қатысушыға банктік біліктілікті өту туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) беріледі.
1. Клиенттің, заемшыластың, жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжаттар;
2. Шымкент қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының банк біліктілігін өтуге арналған несие беру қатысушысына берілген жолдама;
3. Неке қию (бұзу) туралы куәлік / Жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік;
4. Балалардың туу туралы куәліктері.
5. Барлық ұсталымдар көрсетілген жалақы туралы анықтама (соңғы 6 ай үшін );
6. EGOV-тен клиенттің және жұбайының ( зайыбының ) зейнетақы аударымдары туралы үзінді (соңғы 6 немесе 12 ай үшін );
7. "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС несие тарихы ЕGOV немесе ХҚКО- дан ұсынылады.
1. Тәуелсіз бағалау компаниясының тұрғын үй бағалау туралы есебі;
2. Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есепке төленген сомманы растайтын құжат;
3. Кепілге қойылатын тұрғын үй байланысты техникалық паспорт (2007 ж. 24 тамызына дейінгі техникалық паспорттар міндетті ауыстырылуы тиіс, Әділет Министрлігінің тіркеу қызметінің Комитет Төрайымының № 95 бұйрығына сәйкес);
4. Кепілге қойылатын тұрғын үй байланысты құқықтық құжаттары (мыс.: сатып алу – сату, алмасу, сыйлық келісім шарттары және т.б.);
5. Кепілге қойылатын тұрғын үй барлық иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
6. Неке қию туралы куәлік және жұбайының жеке басын куәландыратын құжат (бар болса);
7. Бұрынғы күндегі жағдай бойынша тұрғын үй тіркелген құқықтары (шектеулері) мен техникалық сипаттамасы туралы анықтама EGOV-тан, 3 айға жарамды;
8. Бұрынғы күндегі жағдай бойынша жердің тіркелген құқықтары (шектеулері) анықтамасы EGOV-тан.
Қосымша (заңды тұлғалардан):
* - құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырғаннан кейін клиентке қайтарылады.
Банк біліктілігін өткеннен кейін, хабарлама берілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде қатысушы тұрғын үйді таңдап, құжаттарды «ҚТҚЖБ» АҚ-ға ұсынуға міндетті.
Қосымша ақпарат үшін келесі телефондары арқылы хабарласыңыз:
ТЕЛЕФОН | МЕКЕМЕ |
+7 (7252) 39 23 68 | Шымкент қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы |